Үкімет жанындағы Жер комиссиясының мүшесі Мырзатай Жолдасбеков комиссия жиналыстарынан шаршағанын айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Мен мына жиналыстардан шаршадым. Майқы би айтқандай, мәнсіз жиын боп кетті. Нақтылаққа көшсек», - деген М. Жолдасбеков өңірлерде өтіп жатқан жер жөніндегі қоғамдық кеңес жетекшілерін комиссияға шақырып, тыңдауды ұсынды.
Сондай-ақ, М. Жолдасбеков жердің жеке меншікте болуы қазақ тарихынан бар нәрсе екенін айта келіп, наразы азаматтардың қуғындалуы туралы ойын айтты.
«Мен жаңа естіп отырмын. Бізде шынымен сонша адам түрмеде отыр ма? Онда оның барлығын зерттеп, Үлкен кісіге жеткізу керек. Елдің тыныштығы керек», - деді М. Жолдасбеков.
М. Жолдасбеков сонымен қатар, комиссия мүшелерінің сөздерін алаламай, түгелдей ақпарат құралдарынан көрсетуді сұрады.