Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жер пайдалану құқығын беруге арналған аукцион түріндегі 2016 жылғы 16 маусымға белгіленген конкурсты өткізбейтін болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Конкурсқа қатысуға берілген өтініштер саны аз болғандығына және оны өткізу пайдалы еместігіне байланысты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 2016 жылғы 19 сәуірдегі Егемен Қазақстан газетінде және Министрліктің: www.mid.gov.kz веб-сайтында жарияланған жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион түріндегі конкурстың күшін жою туралы хабарлайды, соған байланысты аукционға қатысу өтініштерін қабылдауды тоқтатады», - делінген министрліктың хабарламасында.
Аукционның күшін жоюға байланысты аукционға қатысу үшін төлем қайтарылуға тиіс.
Анықтама үшін азаматтар ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне мына телефондар бойынша хабарласа алады: 8 (7172) 75 44 67, 75 44 68, 75 44 72.