Ашаршылық пен репрессия құрбандарын еске алайық!

/uploads/thumbnail/20170709020034757_small.jpg

«Қамшы» порталының редакциясына елдегі «Нұр Отан», «Ақ жол», ЖСДП, саяси партиялары, Қазақстан Халық Ассамблеясы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Ұлттық ғылым академиясы, бірқатар мемлекеттік емес ұйымдар, шығармашылық интеллигенция мен саясаткерлер атынан ел азаматтарын ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құнбарданыр ел болып еске алу шараларына қатысуға шақырған Үндеу-хат келіп түсті.

«Ғалымдардың деректері бойынша Кеңес үкіметі кезіндегі Қазақстанда саяси репрессияға ұшырағандардың саны 3,5 млн адам болды. 1920-1940 жылдары тұтқындалған адамдардың көпшілігінің тағдырлары әлі күнге белгісіз болып қалғандықтан бұл санды нақтылау қажет.

1938-1944 жылдары Қазақстанға шешен, ингуш, қырым татарларыкәрісбалкаркурдтүрікқарашайнеміс халықтарын зорлап көшірді және депортациялады. Депортация кезінде қырым татарлары, қарашай, неміс халықтарының тек 13-тен 21%-ға дейіні ғана тірі қалды. Депортацияланған басқа халықтардың қайғылы тағдырлары да сондай болды.

30-50-ші жылдары Қазақстанның тұрғындары  ГУЛАГҚарЛАГАЛЖИР және басқа лагерлердің тұтқындарымен толығып, олардың көпшілігі соңынан Қазақстанда қалды», - делінген Үндеуде.

Хат жазушылар репрессиялық әрекеттер егемен ел атанып отырған Қазақстанның бүгінгі саяси өмірінде де орын алып отырғанын айтады.

«Өкінішке орай,  «Желтоқсан-86», Жаңаөзен-2011 және жерді қорғаған белсенділерді заңсыз тұтқындап, соттау қазіргі билік тарапынан болып отырған репрессияның көрінісі. Бұл репрессияларды БҰҰ, ОБСЕ, Freedom House т.б. халықаралық құқық қорғау ұйымдары айыптады», - дейді хат үндеу тастаушылар.

Үндеу авторлары барлық Қазақстан азаматтарын 31 мамыр күні сағат 11.00-де өздері тұратын елді мекендердегі саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарына арналып қойылған ескерткіштер жанына жиылып, құрбандарға құран бағыштауға шақырады.

 

Қазақстан азаматтарына!

Жыл сайын 31 мамырда Қазақстанда «Ашаршылық пен репрессия құрбандары» күні атап өтіледі.

1897 жылғы адам санағы бойынша қазақтың саны 4 084 139 болса, ол 1926 жылы 6,0 млн,а жетті (А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан).

1919-1921 жылдары қуаңшылық пен жасанды жасалған аштықтың салдарынан бір млн астам, ал 1931-1933 жылдары 2 млн дейін қазақ «о» дүниелік болды (Абылхожев, Қазынбаев и Тәтімов, 1989). Қазақ АССР-і жергілікті тұрғындарының 48% аштан өлді немесе елден кетті.

1928-1930 және 1937-1939 жылдары 60 мыңнан астам қазақ зиялыларя репрессияға ұшырап, атылды, айдалды. 1934 жылы қазақтың саны небәрі екі миллиондай ғана болды. Қазақстан ішіндегі қазақтардың саны тек 1970 жылы ғана 1926 жылғы деңгейге жетті.

Ғалымдардың деректері бойынша Кеңес үкіметі кезіндегі Қазақстанда саяси репрессияға ұшйрағандардың саны 3,5 млн адам болды. 1920-1940 жылдары тұтқындалған адамдардың көпшілігінің тағдырлары әлі күнге белгісіз болып қалғандықтан бұл санды нақтылау қажет.

1938-1944 жылдары Қазақстанға шешен, ингуш, қырым татарларыкәрісбалкаркурдтүрікқарашайнеміс халықтарын зорлап көшірді және депортациялады. Депортация кезінде қырым татарлары, қарашай, неміс халықтарының тек 13-тен 21%-ға дейіні ғана тірі қалды. Депортацияланған басқа халықтардың қайғылы тағдырлары да сондай болды.

30-50-ші жылдары Қазақстанның тұрғындары  ГУЛАГҚарЛАГАЛЖИР және басқа лагерлердің тұтқындарымен толығып, олардың көпшілігі соңынан Қазақстанда қалды.  

Барлық қазақстандықтарды ортақ қайғылы тағдыр біріктірді. Бұл біздің Отан тарихының бір бөлігі! Осындай қайғылы тағдыр қайталанбас үшін, біз бәріміз бір адамдай болып елдегі тоталитаризм, авторитаризм және репрессиямен күресуіміз керек.

Өкінішке орай,  «Желтоқсан-86», Жаңаөзен-2011 және жерді қорғаған белсенділерді заңсыз тұтқындап, соттау қазіргі билік тарапынан болып отырған репрессияның көрінісі. Бұл репрессияларды БҰҰ, ОБСЕ, Freedom House т.б. халықаралық құқық қорғау ұйымдары айыптады.

Қазақстан барлыңымыздың ортақ үйіміз, Отанымыз! Сондықтан, оның болашағы үшін күресу әрқайсымыздың міндетіміз. Авторитаризм мен репрессия – ол қоғамның денесіндегі қауіпті ісік. Біз қоғамдағы заңсыздың, әділетсіздік, теңсіздік, отандастарымыздың құқықтары үшін қалай күресеміз, ел болашағы солай болады. Біз және ұрпақтарымыз бабаларымыздың қайғылы тағдырларын қайталамауларымыз керек. Сол үшін, 31 мамыр, сағат 11-де барлық қалаларда репрессия мен ашаршылық құрбандары ескерткіштері жанына жиналып, еліміздің тарихын еске алып, құрбандарға Құран бағыштайық!

Құрметпен,

Қазақстан, Түркия, Венгрия, Франция, Англия, Финляндия, АҚШ, Эстония, Өзбекістан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Ресей және  Түркіменстаннан – барлығы 6227 мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылым докторлары мен профессорлар, мәдениет қайраткерлі құрған Түрік және угро-фин халықтарының Конгрессі.

«Нұр Отан», «Ақ жол», «Азат», ЖСДП партиялары, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазэнержи» қауымдастығы, «Атамекен» ҰҚП, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясы, Жазушылар одағы, Халықаралық Адам институты (Институт), «Алаш» ҒЗО, қаржыгерлер, тәуелсіз кісіпкерлер, ректорлар қауымдастығы т.б. қоғамдық ұйымдар құрған Мемлекеттік емес ұйым Ұйымдастыру алқасы атынан:

ӘКІМ Жанұзақ – Халықаралық Адам институтының президенті, ҚР Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары Академиясының корр.-мүшесі, Еуропа

жаратылыстану ғылымдары Академиясының мүшесі;

СӘБДЕН Оразалы – Қазақстан ғалымдар одағының Төрағасы, ҚР мемлекеттік

сыйлығының иегері, экономика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі;

ӘУЕЗОВ Мұрат –  М.О.Әуезов атындағы қордың Төрағасы, Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, ғалым;

ЕЛЕУСІЗОВ Мэлс – Қазақстанның экологиялық Одағы мен кәсіпорындары «Табиғат» қауымдастығының Президенті;

ТҰЯҚБАЙ Жармахан – ЖСДП Төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері;

ҒАБЖӘЛЕЛОВ Хайрулла - «Алаш» тарихи-зерттеу Орталығының президенті,

Әлеуметтік ғылымдары Академиясының академигі, КОНКОРД Академиясының (Франция) құрметті академигі, ҚР мәдениет қайраткері, ҚР алғашқы валютасы-теңгенің авторы;

ТОҚАШБАЕВ Марат - «Президент және халық» газетінің Бас редакторы, ҚР ПҒА академигі, профессор;

БАТТАЛОВА Зәуреш – «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» Қоғамдық

қорының президенті;

ҚАЛЫБАЙ  Жарылқап - «Жұлдыздар отбасы-Аңыз Адам» журналының бас редакторы;

ЖӘКЕЕВ Ғабиден – Ғ.Мүсірепов атындағы қоғамдық қордың Төрағасы;

ЖҰМАЛЫ Расул – саясаттанушы, дипломат; Қазақ Ұлттық Кеңесі Төрағасының орынбасары;

АБАҒАН Мұқтархан – Кенесары Хан қоғамдық қорының Төрағасы;

«Алaш жолы» қозғалысы атынан:

НҰРЫПБАЕВ Мақсат, СҮЛЕЙМЕН Жәнібек, ҚАЙСАРОВ Уәлихан, ОМАРОВ Талғат, ДӘУЛЕТБЕКҰЛЫ Амандық барлығы үш мыңнан астам қол.

Қазақстан зиялылары мен қоғамдық ұйымдары атынан:

Ауған соғысы ардагерлер Қауымдастығы;

Қазақстан суретшілер Одағы;

Қазақстан композиторлар Одағы т.б., 12 республикалық Қауымдастықтар мен Одақтар қолдады. От имени республиканского движения «Алаш жолы»:

НҰРПЕЙСОВ Әбдіжәміл – жазушы,  ҚСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ҚИРАБАЕВ Серік – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі;

ҚАЙДАРОВ Әбуғали - филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі;

АЙТБАЕВ Өмірзақ - филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Төрағасы;

МЫРЗАХМЕТОВ Мекемтас – ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ӨТЕЛБАЕВ Мұхтарбай - физика-математика ғылымдарының докторы,  профессор, ҚҰА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ЕЛЕМЕСОВ Көпмағамбет – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик;

ЕЛЕШЕВ Рахымжан – ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, академик;

ҒАББАСОВ Совет-Хан - медицина және педагогика ғылымдарының докторы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты,

Халықаралық  М.Нострадамус атындағы Академияның академигі;

ҚАБЫШҰЛЫ Ғаббас - жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі; 

РАҚЫШЕВ Баян – ҚР ғалымдар Одағының вице-президенті, ҚР ҰҒАакадемигі, ҚазҰТУ кафедра меңгерушісі;

ЖҰМАДІЛОВ Қабдеш – Қазақстан халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ИСАБЕКОВ Дулат - «Мәдениет» журналының бас редакторы, жазушы-драматург,  ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

СМАТАЕВ Софы - жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;

МЕДЕТБЕК Темірхан – ақын, ҚҰ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ЕСДАУЛЕТ Ұлықбек – ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Жұлдыз» жорналының Бас редакторы;

ЕЛУБАЙ Смағұл - жазушы, ПЕН-клубының вице-президенті;

АРАЛБАЙ Нұғман – биол. ғылымдарының докторы, профессор, «Жаратылыстану ғылымдары және иновациялық технологиялар» ҒЗИ директоры;

КАПЕКОВА Гулнар – Қазақстан ғалымдар Одағының Алматы облысы бойынша филиал директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор;

НЕСИПБАЕВА Калия – тарих ғылымдарының докторы, профессор;

БУРБАЕВА Галия – ғалым, қоғам қайраткері;

ҚҰЛКЕНОВ Мереке – жазушы, қоғам қайраткері;

ҚОЙШЫБАЕВ Бейбіт- тарих ғылымының кандидаты, «Әділет» тарихи- ағарту қоғамының президенті;

СӘРСЕНБАЙ Рысбек  - «Жас Алаш» газетінің бас редакторы, қоғам қайраткері;

БАПИ Ермұрат - «ДАТ» жобасының жетекшісі, қоғам қайраткері;

ИСА Қазыбек  -  "Қазақ үні" газеті президенті, ақын, Халықаралық Алаш сыйлығы лауреаты, Халықаралық Сергей Есенин атындағы сыйлық - "Алтын күз" ордені иегері.

АЙҒАЛИҰЛЫ Е. - «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы;

САРЫМ Айдос -  Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың жетекшісі, Қазақ Ұлттық Кеңесі Төрағасының орынбасары;

ШЫМШЫҚОВ Жанкелді  - Астана қалалық «Тәуелсіздікті қорғау» ХДҚ

 ұйымдастыру комитетінің төрағасы;

ЖАНДАРБЕК Зікірия - тарих ғылымының кандидаты, Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Түркістан университетінің профессоры;

ЗЕЙНУЛЛИН Аманжол - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Дала» институтының директоры;

ҚАНАТБАЕВ Серік - ветеринария ғылымының докторы;

АЙЫПҰЛЫ Рахым – ЖСДП Президиум мүшесі, Қоғам қайраткері;

ҚАЛЫБАЙ Мақсот - Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі сіңірген зейнеткер;

САГИДУЛЛАЕВА Айман – ұстаз, қоғам қайраткері;                                     
БАБАМҰРАТ Дәурен -  «Болашақ» жастар қозғалысының лидері;

ЕРҒАЛИЕВА Баретта - Қазақстанның «Демократия және құқық» халықаралық тарихи-құқық орталығының төрайымы;

КЕНЕБАЙ Жұмаш - ақын, қоғам қайраткері, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты;

ҚОСАНОВ Әміржан –қоғам қайраткері, тәуелсіз саясаткер;
АЛИБАЕВ Алик     - экономист, БСДП Президиум мүшесі;
КЕНЖЕБАЙ Мырзан – ақын, ҚР мәдениет қайраткері
ТӨРЕХАНОВ Эрнст -  жазушы, қоғам қайраткері;
МҰҚАНҒАЛИЕВ Ермек – ғалым, қоғам қайраткері;

МАМАЙ  Жанболат - журналист, қоғам қайраткері;

ҚАПТАҒАЙ Қ. -  «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы;

ҚУАТ  Дәурен - «Абай.kz» ақпараттық порталының жетекшісі;

СӘДУҰЛЫ Бейсенғазы - «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

ӘЗІМБАЙ Ғали - саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы;

БЕЙСЕБАЙ ТЕГІ Руза – қоғам қайраткері;

МҰҚТАЙ Қуаныш – ақын;

ЗАЙТОВ Ринат – айтыс ақыны;

МҰҚАНОВ Дәурен - аудармашы, әдебиеттанушы;

КӨШІМ Дос -"Ұлт тағдыры" қозғалысының төрағасы;

НҰР-АХМЕТ Дос -"Ұлт патриоттары" қозғалысының төрағасы;

ТАЙЖАН Мұқтар -  Болатхан Тайжан атындағы қордың президенті;

БӨТЕЕВ Марат - «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының төрағасы;

ТӘЛІМҰЛЫ К. - Талғар аудандық мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры;

АШУҰЛЫ  Жұмабек - Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы;

МҰХТАРБЕК Серғазы  - журналист, қоғам қайраткері;

ҚАНАФИЯ Назарбек - филология ғылымдарының кандидаты;

УАТҚАН Марат - журналист;  

ҚЫСТАУБАЕВ Геройхан - қоғам қайраткері; 

АҚЖІГІТ Өмірзақ- тәуелсіз журналист;

БЕРКІМБАЙ Ардақ – жорналист, зерттеуші;

КӘРІПЖАН Аманғазы - ақын;

Үндеу редакцияның поштасына: congres16kz@gmail.com е-mail арқылы келді.

Связанные Статьи