ШҚО-да найзағай салдарынан шопан ажал құшты

/uploads/thumbnail/20170709020039694_small.jpg

Шығыс Қазақстан облысының  Абай ауданында найзағай түсу салдарынан малшы қаза тапты, деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 30 мамырда Кеңгірбай би ауылдық округінде «Қараой» қыстағында орын алды.

65 жастағы ер адам мал бағып жүрген кезде найзағай ойнаған. Жай түсу салдарынан шопан ауыр жарақат алып, мерт болды.

Бұл ағымдағы жылда болған бірінші оқиға емес. Сәуір айында Абай ауданында жылқыға жай түскен болатын. Жануардың жанында болған адам термикалық күйік алғанымен, аман қалған еді.

Связанные Статьи