Австрияда Қазақстандық дзюдошы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

/uploads/thumbnail/20170709020538608_small.jpg

Австрияның Лейбниц қаласында  дзюдодан жастар арасында өткен Еуропа кубогында Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тумасы, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Жақсыбек Жеңісбек 60 келіде қарсыластарынан басым түсіп, жарыс жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Qamshy.kz облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Жақсыбек Австрияда оқу-жаттығу жиынында. Оның алдағы мақсаты - қыркүйек айында  Дели қаласында (Үндістан) болатын Азия чемпионатында топ жару. Жақсыбектің жарысқа дайындаған бапкері - Арман Молдаханов.

Айта кетейік, айтулы жарысқа 33 елден 500-ден астам  спортшы қатысты.

Связанные Статьи