Румынияда су тасқынынан екі адам қаза тапты (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709021909525_small.jpg

Румынияда толассыз жауған нөсер соңы су тасқынына ұласып, 2 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz -ке сілтеме жасап.

200-ден астам тұрғын шұғыл эвакуацияланды. Табиғи апаттан 7 уездің 89 елді мекені едәуір зардап шегіп отыр. Апат салдарымен күреске елдің ішкі істер министрлігінің 7 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылған. Кейбір аудандарда су деңгейі тіпті бір метрден асып кеткен. Ал синоптиктердің болжамы бойынша, нөсер жақын күндері басылмайды.


 

Связанные Статьи