Ақтөбедегі қырғын кімге тиімді? Ат төбеліндей қазаққа керегі шамалы. Жер дауынан буыны кетіп отырған билікке де... Кеше ресейлік телеарналардың «ИГИЛ Қазақстанға келді» деп байбалам салып жатқанын байқап қалдым. ИГИЛге қарсы «Ұлы күрескер» болып жүрген Пұтекең үшін бұл шанс. Көмектесу үшін жасақ енгізуге, енгізгенін шығармай қоюға мүмкіндік туып тұр. Сирияға ұшақ ұшырып, танк қуалап жүргенде іргедегі қазақ деген не тәйірі. Қауыпсіздікті күшейтеміз...-дейді де!? Діни фанатизм саясаттың қолбаласы екеніне осындайда тағы бір көз жетеді.
Серік Әбікеннің Фейсбуктегі парақшасынан алынды