Танымал қазақстандық кәсіпкер, «Шымкент пиво» серіктестігінің директоры Тоқтар Төлешов Жер реформасына қатысты митингтердi қаржыландырған және билікті күшпен басып алуға дайындық жұмыстарын жүргізген. Бүгін ҚР Бас прокуратурасында өткен брифинг барысынлда ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Баспасөз қызметiнiң өкiлi Руслан Карасев пен ҚР Бас прокуратурасының департамент басшысы Құсайын Игембаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.
«Бұдан бұрын хабарланғанымыздай, арнайы прокурор мен ведомствоаралық арнайы тергеу тобымен трансұлттық, қылмыстық қаржыландыру, ұйымдасқан қылмыстық топты басқару, заңсыз есірткі заттарын сақтау мен «Шымкент сыра» зауытының иесі Тоқтар Төлешевке және оның айналасындағы бірнеше адамға қатысты қылмыстық істер тергелді. Көрсетілген әрекеттермен қатар, Төлешевке ауыр және аса ауыр қылмыс, оның ішінде адам өлтіруді ұйымдастырды, түрлі дәрежедегі дене жарақатын келтіру, адам ұрлау, басқа біреудің мүлкін қасақана жою қылмыстарын жасады деген айыптар тағылды. Соынмен бірге, қазіргі кезде Төлешевтің жалпы қылмыстық, сонымен қатар, конституциялық қатыстылығы анықталды. Қылмыстың бұл бөлігінің құзыреттілігі бойынша ҚР ҰҚК тергеуде», – дейді Құсайын Игембаев.
Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің өкілі Руслан Қарасаевтың мәлімдемесі былай болды:
«Тергеуде Төлешев мырзаның бұрын билікті күшпен басып алуға дайындық жұмыстарын жүргізгендігі, өткен жылдан бері белсенді нақты әрекеттер қолданғаны туралы толық мәліметтер алынды. Оның әрекет жоспарында қауіптілік ошақтарын бақылап, ел ішіндегі жағдайды тұрақсыздандыру, наразылық акцияларын және жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру, оның айналасында баламалы үкіметті қалыптастыруды жоспарлау және әрекет етуші билік құрылымын өзгерту қарастырылған. Атырау, Астана, Алматы, Орал, Қызылорда қалаларында жер реформасы деп аталатын қарсы наразылық акциялары Төлешев мырзамен өткен жылдың желтоқсан айында дайындалып, онымен қаржыландырылғаны туралы дәлелдер алынды. Аталған наразылық акцияларын бұдан да ертерек өткізу жоспарланғаны нақты анықталған. Бірақ, Төлешевтің тұтқындалуына байланысты акцияны өткізу уақыты тікелей ұйымдастырушылармен өзгертілген. Қазіргі таңда олардың кейбіреулері құрықталған».
Оның айтуынша Тергеу органдары Қазақстанның басқа да өңірлерінде ұйымдастырылған наразылық акцияларын қаржыландыру туралы фактілерді қараған.
«Төлешев тергеу изоляторында бола отырып, елдегі қалыптасқан жағдайды пайдалана отырып, 2016 жылдың мамырында ОҚО Сарыағаш қаласында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға әрекеттенген. Өзінің жоспарларын іске асыру мақсатында Төлешев құқық қорғау органдарының бұрынғы және қарулы күштердің жоғары лауазымды тұлғалары, сондай-ақ, қарулы күштердің кейбір басшылары қатарынан мақсатты түрде өзінің жақтастарын іздестірген. Төлешев мырзаға өзінің әрекеттерін іске асыру мақсатында пайдаланылған жасырын орындардағы қару-жарақта, жарылғыш заттар ҰҚК тәркіленген. Өткен демалыстарда ҚР ҰҚК қызметкерлері Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Төлешевтің бірқатар сыбайластары мен жақтастары тұтқындалған. Олардың қатарында ҚР Бас прокурорының бұрынғы бірінші орынбасары, ҚР Конституциялық кеңесінің бұрынғы мүшесі, ІІ санаттағы Әділет Кеңесшісі Бақтыбаев Ілияс, ОҚО ІІД бұрынғы бастығы генерал-майор Досқалиев, ОҚО ІІД бастығының бұрынғы бірінші орынбасары полиция полковнигі Сәкен Айтбеков, ҚР Қорғаныс министрлігі Оңтүстік аймақтық басшылығының 35748 және 55652 әскери бөлімдерінің командирлері полковниктер Жұмин Бекзат және Төлебаев Қайрат. Аталған тұлғалар тұтқындалып, уақытша тергеу изоляторына отырғызылған. Бұларға қатысты бұлтартпас шараларын қолдану мәселесі шешілуде. Қазір тергеу амалдары жалғасуда. Бұл қылмыстық іске қылмыстық ақпарат бүгін келіп түсуіне байланысты және тергеу құпиялылығына байланысты жұртшылық назарына ұсынылып отырады», – деді ҰҚК өкілі.
Естеріңізге салсақ, Шымкент сыра компаниясының басшысы, танымал кәсіпкер Тоқтар Төлешов 30 қаңтар күні қамауға алынған болатын. Сот оған тергеу кезінде қамауда ұстау бұлтартпау шарасын қолданды. Оған тұтқындалған сәтте есірткі заттарын заңсыз сақтады, сатты, қылмыстық топты заңсыз қаржыландырды деген айыптар тағылды. Сондай-ақ, кәсіпкерді ұстау операциясы кезінде одан әлдебір діни кітап тәркіленді деген де ақпарат тараған. Төрт айға созылған тергеу жұмыстары барысында Төлешовтің төңкеріске талпынғаны анықталып отыр.