Алматыда аудан әкімінің орынбасары қамауға алынды

/uploads/thumbnail/20170709023137927_small.jpg

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Талғат Әбдіхалықов екі ай мерзімге қамауға алынды, - деп хабарлайды  Qamshy.kz informburo.kz – ке сілтеме жасап.

Т. Әбдіхалықовқа мемлекеттік сатып алу байқауында тоғыз лот бойынша сатып алу байқауының Алматы қаласы бойынша қаржылық бақылау инспекторлары тарапынан күші жойылмауы үшін пара алды деп айыпталып отыр. Шенеуніктің ақшаны 2016 жылдың сәуірінен маусымына дейін бірнеше бөлікке бөліп алғаны айтылуда.

«Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген ауыр қылмыс жасаған. Медеу аудандық №2 сотының қаулысымен оны екі ай мерзімге қамауға алу бұлтартпау шарасын белгілеу туралы өтініш қанағаттандырылды», - дейді Алматы қалалық соты ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Дияс Махамбетов.

Связанные Статьи