Ақтөбеде Лада маркалы көліктер жаппай тексерілуде (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709023145021_small.jpg

Ақтөбе қаласында полиция қызметкерлері Лада маркалы көліктерді жаппай тексеруде, - деп хабарлайды  Qamshy.kz.

Қала тұрғындары полицияның осындай маркалы бір көлікті тоқтатып, тінту жүргізіп жатқан сәті түсірліген видеоны Instagram-дағы aktobe.zello тобында жариялап отыр.

Tengrinews.kz сайтының жазуынша қаладағы полиция қызметкерлері рация арқылы осындай маркалы көліктерді тінту туралы ақпарат алған көрінеді.

Естеріңізге салсақ, бүгін Президенттің қабылдауында болған ҰҚК төрағасы В. Жұмақанов бүгін таңертең ақ түсті Лада көлігін мінген лаңкестер балалар лагерін атқылағанын айтқан болатын.

5 маусым күні Ақтөбе қаласында теракт болып, қалада лаңкестік қауіптің қызыл деңгейі енгізілді.

Связанные Статьи