ҰҚК басшысына бұзылған көліктің даусын мылтық даусы деп баяндаған

/uploads/thumbnail/20170709023250991_small.jpg

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Ақтөбедегі балалар лагеріне оқу ату туралы ақпаратты түсіндірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.

«Ақпарат құралдарында Ақтөбедегі балалар лагеріне оқу ату туралы жарияланған ақпаратты түсіндіргім келеді», - деп бастаған сөзін министр Facebook әлеуметтік желідегі парақшасындағы хабарламада.

«Оқиға былай болған. Бірінші. Бүгін Ақтөбедегі аудандардың бірінің тұрғындары полицияға хабарласып, атысқа ұқсас дыбыстың естілгенін хабарлайды. Қазір еліміздің, әсіресе Ақтөбе тұрғындары қырағылық танытып, қарулы күштер құрылымының жұмысына көмектесіп жатыр. Контртеррорлық операция кезінде азаматтардан түскен кез-келген хабарламаға құқық қорғау органдары жедел әрекет танытады. Сонымен қатар, ол туралы ақпарат жедел түрде елдің басшылығына жеткізіледі. Дәл осы сәт камераға түсіріліп, Мемлекет басшысының және ҰҚК төрағасының қатысуымен өткен сюжетке енгізіліпті. Екінші. Сол кезде оқиға орнына жеткен жедел топ атыстың болмағанын анықтады. Бұл жәй ғана бұзылған автомобильдің даусы болып шықты», - дейді Абаев.

Ол мұндай жағдайдың Павлодарда да болғанын айта кетті.

йЕкі ақпараттың таратылған уақыт айырмашылығы 40 минут болған. Мұндай деректі тексеруге осыншама уақыттың кететіні сөзсіз. Сондықтан да әріптес-журналистерге мемлекеттік органдардан түскен хабарламаны тарататын кезде мұқият болуға шақырамын. Барлығы қателеседі. Біз өз тарапымыздан БАҚ өкілдеріне халыққа ақпаратты жеткізу үшін ары қарай қолдау көрсетемізй, - деді министр.

Сөз соңында ол қазақстандықтарға құқық қорғау органдарының жұмыстарына көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

Связанные Статьи