Ұлыбритания елшілігі елші Кэроли Браунның атынан таратқан ресми хабарламада мәртебелі патшайымның мерейтойын атап өту Қазақстандағы аза тұту күніне байланысты басқа уақытқа ауыстырылатыны жазылған. Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды.
«Бүгінгі күн Қазақстанның батысында Ақтөбе қаласында 5 маусымда орын алған шапқыншылық құрбандарына орай Қаралы күн.
Осы бір Қазақстан халқы үшін азалы күні, халыққа көрсеткен кұрмет белгісі ретінде бүгінгі күні Ұлы Мәртебелі Патшайымыздың 90 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған мерекені басқа күнге ауыстыруға шешім қабылдадым. Қазақстан үшін осы бір қаралы күні біздер ел арасындағы достастығымызды басқаша атап өте алмаймыз.
Осы іс-шараны 2016 жылғы 17 маусым күні алдында белгіленген уақыт пен орында өткізуге ауыстырдық.
Егер Сіз шақыру қағазын алсаңыз, оны сақтап, өзіңізбен бірге 17 маусымда өтетін іс-шараға алып келіңіз. Шақыру қағазын ауыстырмаймыз», - деп жазылған Ұлыбритания елшілігінің хабарламасында.
Бүгінгі күн Елбасы өкімімен ел аумағында Жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жарияланды. Осыған орай барлық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік ту төмен түсіріліп, қоғамдық орындар мен ақпарат құралдарында көңіл көтеру бағдарламалары тоқтатылды.