Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан Назарбаев қызды болды. Айсұлтан қуанышты хабармен Фейсбук желісі арқылы бөліскен. Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды.
«Достар! Менің өмірімде керемет күн орын алды. Осы қуанышымды сіздермен бөліссем деймін. Кеше түнде келіншегім босанды. Қызды бодым», - деп жазады ол.

Қуаныш иесі келіншегінің жүкті екенін бұған дейін жасырып келгенін де айтқан.
Айсұлтан Назарбаев – президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның ұлы. Жасы – 26-да. 2013 жылдың 31 тамызында бизнесмен Қайрат Боранбаевтың қызы Әлима Боранбаеваға үйленген.
Айсұлтанның Нұрәлі деген ағасы бар. Нұрәлі мен Аида Имашева (министр Берік Имашевтің қызы) екеуінің Алан, Әнуар деген ұлдары, Амира, Лаура деген қыздары бар.
Осылайша Президент Н. Назарбаевтың бесінші шөбересі дүниеге келіп отыр.