«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов кәсіпқой боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Геннадий Головкинмен кездесті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Компания басшысы боксшыға ЭКСПО-2017 жобасын насихаттаудағы үлесі үшін алғыс айтты.
Боксшы да А. Есімовке ЭКСПО төңірегіндегі әңгімелердің ортасында болу құрмет екенін жеткізген.
Кездесу соңында «ЭКСПО-2017» басшысы мен ресми елшісі Қазақстанда халықаралық көрмеге арналған үлкен бокс-ивент өткізу мүмкіндіктерін талқылады.