Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры көрермендеріне жаңа премьера ұсынады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
17-18 маусым күндері сахналатын қойылым – У. Шкспирдің «...Бір сен үшін тудым...» (Ромео-Джульетта) трагедиясы.
Спектакльдің қоюшы режиссері – Жұлдызбек Жұманбай, қоюшы –суретшісі - Нұржан Саменов.
«Мәңгі махаббат бар жерде, мәңгі машақат бар. Әулет пен әулет, топ пен топ, тобыр мен тобырдың кесірінен қаншама махаббат құрбан болды. Бұл – ықылым заманнан бері келе жатқан ұлтқа бөлінбейтін адамзаттық ахуал.
Шекспирдің «Ромео – Джульеттасы» да – солардың кебі...
«...Бір сен үшін тудым...» - деп шырылдаған шындықты, көзбен көріңіз, ішпен біліп, көңілге түйіңіз!...» делінген театр таратқан баспасөз хабарламасында.