Түнде басталғанарнайы операция барысында Ақтөбе қаласындағы бір бес қабатты тұрғын үйден адамдар эвакуацияланған, - деп хабарлайды Qamshy.kz informburo.kz – ке сілтеме жасап.
«Отырар» сауда орталығы жанындағы көп қабатты үйдің тұрғындары өздерін сағат түнгі төртте шығарғанын айтады.
Қаланың басқа аудандарында да полиция қарасы көп. Алтынсари, Жанқожа көшелері мен «Пантера» дүкені, «Отырар» сауда орталықтарының айналасы да қоршалған.
ВКонтакте желісіндегі Zello Aktobe тобында тұрғындар түсірген фото, видео материалдар жариялануда.
Бүгін ҰҚК Ақтөбеде 5 маусымдағы лаңкестікке қатысы бар күдіктілерді ұстау бойынша арнайы операция жүріп жатқанын хабарлаған болатын.