АҚТӨБЕНІҢ МӘСКЕУ АУДАНЫНДА АТЫС БОЛЫП ЖАТЫР (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709023630181_small.jpg

Ақтөбе қаласындағы Мәскеу ауданында атыс болуда. Оқиғаның видеосын аудан тұрғыны ғаламтторға жариялаған. Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды.

Жеке тұрғын үйлерден тұратын Мәскеу ауданы қаланың ескі бөлігінде орналасқан. Аудан толықтай қоршауға алынған.

Сонымен қатар, қаланың 5 маусымда теракт болған аудандарында да қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

ҰҚК баспасөз қызметіндегілер жақын арада лаңкестікке қарсы жедел штабтың хабарламасы тарайтынын, қазір ол хабарлама дайындалып жатқанын жеткізді.

Бүгін түнде лаңкестердің жасырынған жері анықталып, арнайы операция басталған болатын.

Бұған дейін іздеуде жүрген алты күдіктінің жүрген орны туралы мәлімет берген адамға 5 миллион теңге сыйақы да тағайындалған еді.

Связанные Статьи