Nazarbaev University бiр студенттi 87 мың долларға оқытады

/uploads/thumbnail/20170709024235983_small.jpg

 

Nazarbaev University бiлiм ордасында 4 жыл бойы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу орта есеппен 87 мың долларды құраса, магистратура – 36 мың доллар. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгiн түлектердi құттықтау кезiнде айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz BNews.kz – ке сілтеме жасап.

«Бiз бұл университеттiң әлемдiк деңгейдегi ғылым-бiлiм орталығы ретiнде қалыптасқанын мақтан тұтамыз. Мен бұл туралы бұрыннан берi армандаған болатынмын. Университетте бiлiм студенттерге тегiн берiледi. Назарбаев университетiнде бакалавриат бағдарламасы бойынша 4 жыл бойы оқу орташа алғанда 87 мың долларды құраса, магистратура – 36 мың доллар. Бұл шығындардың барлығын мемлекет өтейдi, себебi мемлекетке кадр қажет», - дедi ҚР Президентi.

Нұрсұлтан Назарбаев NU түлектерi Қазақстанды күрделi бәсекелестiк жағдайларда жаңа технологияларға жетелейтiн ұрпақ екендiгiне сенiм бiлдiрдi.

 

Связанные Статьи