Күн қуатымен қозғалып, әлемді шарлап жүрген ұшақ Лихай Вэллиден Нью-Йоркке ұшып шықты, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.кz-ке сілтеме жасап.
Solar Impulse 2 әуе кемесі онда өткен сейсенбіде жетуі тиіс еді. Бірақ бұл жоспарды қолайсыз ауа райы бұзды. Лайнер «Бостандық» ескерткішінің үстінен өтіп, Джон Кеннеди атындағы әуежайға табан тірейді. Нью-Йорктан кейін ұшақ Атлант мұхитын көктей өтіп, Еуропаны, сосын ары қарай былтыр ұшу сапарын бастаған Біріккен Араб Әмірліктерін бетке алады.