Елбасы АҚШ президентіне көңіл айту хатын жолдады

/uploads/thumbnail/20170709024448985_small.jpg

Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамаға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Орландо қаласындағы террористік акт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Жеделхатта: «Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайды, қандай мақсатта болса да жазықсыз қан төгуді ақтауға болмайды деп санайды», – деп айтылған. Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Б.Обамаға, Америка халқына, қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. 

Связанные Статьи