Талдықорғанда электр бағанына шығып алған жігіт жұртты шошытты (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709024515314_small.jpg

Талдықорған қаласының тұрғыны электр желісінің бағанына шығып секірмекші болған, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Екі сағат бойы полиция оны секірмеуге көндірумен болған. Бағанға оның бір туысы да көтеріліп, секірмеуін өтінген.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі жігіттің электр желісінің бағанына шығарған басты себеп сүйіктісімен болғаг ұрыс екенін айтады. Полиция мен жігіттің туыстары алдап-сулап, бағаннан аман түсірген.

Алайда, бағаннан түскен жігітті басқа «тосын сый» күтіп тұрған еді. 20 жастағы жігіт бағанға шығар алдында ішіп алып, сүйіктісін пышақпен қорқытқан көрінеді. Осы қылығы үшін қыз Талдықорғңан қаласының ІІБ-ге арыз жазған. Енді бағанға мінгіш жігіттің үстінен ҚР ҚК-нің 115-бабы 1-бөлімі (Қорқыту) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталған.

Связанные Статьи