CЕНАТОРЛАР ТЕРРОРИСТЕРДІ ТҮГЕЛ АТУ КЕРЕК ДЕП ОТЫР (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709024520204_small.jpg

«Терроризммен күресті тиімді ету үшін бұрынғы заңнамаларды қайта қарау керекпіз» деген Елбасы сөзінен соң заңдарға өзгеріс енгізу, бұрын қолданыстан шыққан жаза түрлерін «қайта тірілту» жайы сөз етіле бастады, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап.

Сенаторлар өлім жазасына енгізілген мораторийді алып тастап, террористерді түгел атуды сұрап отыр. Лаңкестермен тек осылай күресу керек деген депутаттар тіпті шетелде оқығандарды имам етпеу керек дейді.

Бірақ, сенаторлар қызды-қыздымен Бас мүфтидің өзі Мысыр елінде білім алғанын ұмытып кеткен сияқты.  «Сақалы ұзын мен балағы қысқаның» барлығы экстремист емес. Ақтөбеде теракт болмай тұрып осылай деген сенатор Серік Ақылбай бүгін де айтқанымнан қайтпаймын деп отыр. Адам аласы ішінде деген депутат терактіден кейін жұртты «сақал-мұртын» қыруға мәжбүрлемей, қолға түскен террористерді түгел тергеу керек дейді. Тіпті қандықол қылмыскерлер атылуы тиіс.

СЕРІК АҚЫЛБАЙ, ҚР Парламенті сенатының депутаты:

- Оларды ату жазасына дейін бару керек. Бізде қазір мораторий. Оны алу керек. Терроризм жасаған, күнәсіз адамдарды өлтіргендерге бір-ақ жаза болу керек - ату жазасы.

Кезінде судья болып, тіпті, екі қылмыскерге өлім жазасын кескен сенатор салафизм іспетті ағымдарды тежеу тәсілін де тауыпты. Шетелдің діни оқу орындарында білім алып келгендерді имам немесе діни ұйым басшылығына отырғызбау керек деген Серік Ақылбай, басқа жүздеген имамдарды айтпағанда, Діни басқарма басшысы Әл-Азһар университетінде оқығанынан хабарсыз болуы керек.

СЕРІК АҚЫЛБАЙ, ҚР Парламенті сенатының депутаты:

- Біздің дінбасыларымыз, имамдарымыз өзіміздің мемлекеттік діни оқу орындарын бітіргендер болу керек. Сыртта бітіргендер, басқа елде, ағымдар бітіргендер имам болмауы керек. Оны міндетті түрде діни басқарма қарауы керек.

Теріс ағымдардың қанат жаюын шетелден көрген жоғарғы палата өкілдері өзге елде соғысқан қазақстандық содырларды елге қайта кіргізуге де қарсы екен.

 

МАНАП КӨБЕНОВ, ҚР Парламенті сенатының депутаты:

- Сирия іспетті соғыстың оты тұтанып жатқан жерлерде қару ұстап келген қазақстандықтарды елге қайта қабылдап қажеті жоқ еді. Себебі олар өздерімен бірге, сол жерде сіңірген көзқарастары мен идеяларын ерте келеді. Азаматтықтан айыру да қаралуы керек.

Діни ұйымдардың мешіттен басқа жерде басқосуына да сенаторлар қарсы. Қауіпсіздікке жауапты органдардың ішкі барлауы әлсіз деп сынаған олар қару сату жағын да қолға алмақ. Естеріңізде болар, президент екі ай ішінде терроризм, қару сату, көші-қон заңдарына ұсыныс енгізіңдер деп үкіметке тапсырма берген. Сенаторлар да бастамаға өзімізше үн қосамыз деп отыр.

Связанные Статьи