Қожамжаров Жемқорлыққа қарсы бюроның төрт бірдей облыстағы басшысын ауыстырды

/uploads/thumbnail/20170709024540767_small.jpg

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро басшысы Қайрат Қожамжаров коррупцияға қарсы қызметтің төрт облыстағы бөліністерінің басшысын ауыстырды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бюроның Атырау облысы бойынша департаментіне Нұрлан Қамбатыров, ОҚО департаментіне Мақсұт Нәлібаев, Маңғыстаудағы департаментке Данияр Үсенов басшы болып тағайындалды.

Оның алдында Қостанай облысы бойынша жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы болып Елдос Сагиевтің тағайындалғаны айтылған болатын. Сондай-ақ, осы департамент басшысының жедел-іздестіру қызметі жөніндегі орынбасары болып Асылбек Беркімбаев тағайындалды.

Связанные Статьи