Шілде айынан бастап Facebook суреттерді әлеуметтік желіге орналастыру ережелерін өзгертеді. Енді компания жариялауға тыйым салынған суреттерді рұқсатсыз өшіріп отыратын болады, - деп жазады PhoneArena.
Сонымен бірге, iPhone құрылғыларынан автоматты түрде жүктелген барлық альбомдар да өшіріледі. iPhone қолданушылары сол үшін 7 шілдеге дейін Moments қосымшасын орнатып алуы тиіс көрінеді. Бұл қосымша құрылғыдағы фотолар мен профильдегі фотолардың синхронизациясын қамтамасыз етеді.