Баянның беті бері қарады

/uploads/thumbnail/20170709024556767_small.jpg

Талғар ауруханасында ауыр дене жарақатымен жатқан продюсер Баян Есентаеваның денсаулық жағдайы жақсарды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Ол туралы Алматы облысы Талғар аудандық ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ербол Сәрсенбаев ақпарат таратты.

«Қазір науқастың жағдайы орташа деңгейде. Әзірше жансақтау бөлімінде жатыр, геодинамикасы тұрақты, есін біледі, сөйлейді, басқалай ауытқулар жоқ. Бүгіннен бастап өзінің тамақ ішуіне рұқсат бердік. Туыстары да келіп, олармен сөйлесе алады. Қазір ол басын көтерді, отыра алады», - дейді Е. Сәрсенбаев.

Естеріңізге салсақ, продюсер Баян Есентаева өткен жұма күні Алматы облысы Талғар ауданы аумағында соққыға жығылып, қазір ауруханада жатыр. Ал, оның күйеуі Бақытбек Есентаевті полиция күдікті ретінде қамауға алған. Талғар аудандық ІІБ хабарлауынша, кикілжің кезінде продюсердің күйеуі ішімдікке мас болған көрінеді.  

Күдікті ретінде екі ай мерзімге қамауға алынған Бақытбек Есентаевқа ҚР ҚК 99-бабы бойынша, кісі өлтіруге әрекеттенді деген айып тағылуда. 

Связанные Статьи