Атыраудағы «Сарайшық» базары өртенді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709024821004_small.jpg

Атыраудағы «Сарайшық» базарында өрт шықты, - деп хабарлайды Qamshy.kz «Ақ жайыққа» сілтеме жасап.

Коммуналдық базардағы өрт туралы арнайы органға хабар түн ортасында түскен.

«Өрт сөндірушілер жеткен кезде азық-түлік бөлімінде 13 тоңазытқыш-сөренің жанып жатқаны анықталды. Түнгі бірде өрт толықтай сөндірілді», - дейді «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі» ММ-нің жедел кезекшісі Қуанбек Рапиғұлов.

Базар әкімшілігінің айтуынша, өрттің шығуына электр тоғындағы қысқаша тұйықталу себеп болуы мүмкін.

«Жауып шыққанда барлығы дұрыс болатын, тгңазытқыштар істеп тұрған. Ғимарат ішінде «Халық» және «Цесна» банктің банкоматтары, басқа да терминалдар бар. Оларға от тимеді. Барлығын тоқтан ажыратты.базарда газ жоқ. Оны наурыз айының соңында тоқтатқанбыз. Күн ыстық, тоңазытқыштар үздіксіз жұмыс істейді. Содан болар», - дейді базар әкімшісі Нұржамал Толқынбаева.

Связанные Статьи