Алматыдағы «Алма-арасан» шатқалында 9 айлық бала Үлкен Алматы өзеніне құлап кеткен. Қайғылы оқиға кеше кешкі алтыларда болған, - деп хабарлайды Qamshy.kz Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«9 айлық баланы көтерген 15 жастағы әпкесі өзенге суретке түсу үшін жақын барған. Алайда, қыз абайсызда сүрініп кетіп, нәрестені құлатып алған», - делінген ІІД таратқан хабарламада.
Кеше суға аққан нәрестені іздестіруге төтенше жағдай департаменті мамандарымен бірге 48 полиция қызметкері жұмылдырылған.
«Бала әлі табылмады. Іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қазір іздеу жұмыстарына 20 полиция, 20 ТЖ қызметкері мен 4 полиция техникасы жұмылдырылды», - дейді Алматы қаласы Бостандық ауданы ІІБ бастығы Берік Әбілбеков.