МАРҚҰМ ЕРЕКЕҢ ОРТАМЫЗДА БОЛСА БҮГІН ЕЛУГЕ КЕЛЕР ЕДІ

/uploads/thumbnail/20170709024924302_small.jpg

Бүгін ақын, жазушы, композитор, әнші Ермұрат Зейіпханұлының дүниеге келген күні. Қазақ рухының, Отанға деген шексіз махаббат пен ыстық сағыныштан туған «Көк тудың желбірегені» әнінің авторы Ермұрат Зейіпханұлы 2011 жылы 21 маусымда, 46 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Ол 1966 жылы 15 мамырда Қытай Халық республика­сындағы Шыңжаң өлкесі, Іле ай­мағы, Күнес ауданында дүниеге келген. Орта мектепті, өнер институтын сонда тәмамдап, 1991 жылы қазан айында Қазақстанға оралған. 
Алғашқы прозалық шығармасы 1999 жылы «Сыбызғы сарыны» деген атпен жарық көрсе, поэзия кітабы 2002 жылы «Өзіңе арнадым» деген атпен жарық көрген. «Үш бурыл», «Бұ дүние» сияқты кітаптары оқырман қауымнан лайықты бағасын алған. Республикалық газет-журнал­дарда шығармалары үзбей жарияланып тұрды. «Жұлдыз» журналы ұйым­дас­тырған 2001 жылы Артығали Ыбы­раев­қа арналған мүшәйраның жүлдегері. 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министр­лігінің оркестрінде қызмет еткен, ол еліміздің көптеген аймақ­тарында, шет елдерде ән салып, қазақ өнерінің мерейін үс­тем еткен еді. 

Өмірде сыпайы, ұстамды, сабырлы да сырбаз ақын азаматтың аяулы бейнесі ел жадында ұзақ сақталады.

Құрметті оқырман! Назарларыңызға белгілі режиссер Әсемғазы Қапанұлы әзірлеген деректі фильмді ұсынамыз.

Связанные Статьи