МӘСІМОВ АҚТӨБЕДЕ ЖҮР

/uploads/thumbnail/20170709024927520_small.jpg

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ақтөбе облысына жұмыс сапармен барды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр облыс орталығына сапары барысында 5 маусым күні болған лаңкестік оқиға кезінде қаза тапқан Мерхан Тәжібаевтің, Михаил Матросовтың, Николай Онищенконың және Андрей Максименконың отбасында болып, туыстарына көңіл айтты.

Сондай-ақ, Кәрім Мәсімов Жедел медициналық жәрдем ауруханасына барып, науқастардың ахуалымен танысты. Премьер-министр лаңкестер шабуылдаған 6655 әскери бөліміне де бас сұғады деп күтілуде.

Жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы тұрғын үй кешені мен балабақша құрылысының барысымен, «Халыққа арналған үкімет» МК жұмысымен танысады, бірқатар өнеркәсіп нысандарын аралап, халықпен кездесетіні айтылуда.

 

Связанные Статьи