Үндістанда мас жігіт арыстанмен қол беріп амандаспақ болған (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709024949177_small.jpg

Үндістанның Хайдарабад қаласының 35 жастағы тұрғыны арыстан жайылып жүрген қоршаудан өтіп, аң патшасының қолын алмақ болған, - деп хабарлайды Qamshy.kz Today.kz – ке сілтеме жасап.

Хайуанаттар бағының қызметкерлері арыстанмен амандасқыш жігітті қанша айқайлап, тоқтатпақ болғанымен райынан қайтара алмапты.

Бақтағы өзенге түскен жігіт арыстандарға өте жақын қашықтыққа барған. Алайда, екі арыстанның екеуі де «бейтаныс қонаққа» шабуыл жасамаған.

Кейін басын қатерге тіккен жігіттің мас болғаны анықталған. Жігіт өз әрекетін арыстандардың қолын алғысы келгенімен түсіндіріпті.

 

Связанные Статьи