«Еуразия» арнасын тағы 19 адам сотқа берді

/uploads/thumbnail/20170709024952458_small.jpg

Жер реформасына наразылық танытып митингке шыққандарды «Шет елдерден ақша алды» деп айыптаған «Еуразия» телеарнасын тағы 19 адам сотқа берді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Телеарна таратқан мәліметпен келіспейтін 19 адам Алматының Бостандық аудандық сотына шағым түсіріп, ақпарат құралының айтқанын терістеуді және әрқайсысына 100 мың теңге көлемінде моральдық шығынның өтеуін талап етуде.

Шағымданған 19 адамның мүддесін қорғаушы Ермек Нарымбаев қорғауда.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін «Еуразия» арнасын қарағандылық заңгер Нұрхан Жұмабеков сотқа беріп, өзге отандастарын да арнаны сотқа беруге шақырған болатын. Н. Жұмабеков шағымы бойынша қазір сот процестері өтуде.

Связанные Статьи