Украина саясаткері Ирина Фарионды «салдақы» деп балағаттаған Мәжіліс депутаты Владимир Божко журналистерге өзінің қатты кеткенін мойындады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Этносаралық татулықты барлық тілдерді мойындай отырып сақтау – өте маңызды міндет. Кез келген мемлекеттік құрылым бұған зор көңіл бөліп, мұны дұрыс бағаламаудың салдары ауыр болатынын түсінуі керек. Менің айтқан сөзі кішкене қатты кеткен, әрине. Ол – факт. Оны мойындауға мәжбүрмін. Мұны бәлкім басқаша сөздермен жеткізу керек пе еді? Бұл жерде мен қызбалыққа салындым», - дейді депутат.
Ал, Украина тарапы болса, Қазақстандағы елшілігі арқылы хат жолдаған болатын. Хат авторлары депутат қолданған «салдақы» сөзге «Ол сөз бағытталған объектіден гөрі, оны қолданған субъектінің сипатына жақын» деген баға берген болатын.