Алматыда өзенге құлап кеткен сәбидің мәйіті табылды

/uploads/thumbnail/20170709025017302_small.jpg

«Алма-арасан» шатқалында Үлкен Алматы өзеніне құлап кеткен 9 айлық сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды Qamshy.kz Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғалған баланы іздестіруге құтқару қызметі мен полиция қызметкерлері жұмылдырылған болатын.

Суға ағып кеткен баланы полиция бүгін сағат төрттер шамасында тауып отыр. Алматы қаласы Бостандық ауданының ІІБ бастығы Б. Әбілбековтің айтуынша сәбидің мәйіті судан 100 метр жерге шығып қалған көрінеді.

Естеріңізге салсақ, кеше Алма-арасан шатқалында 15 жастағы қыз өзен жағасында суретке түсемін деп, қолындағы інісін суға құлатып алған болатын.

Қазір ҚР ҚК-нің 141-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Связанные Статьи