Ильин, Манеза, Подобедова, Чиншанло спортпен айналысудан шеттетілді

/uploads/thumbnail/20170709025115111_small.jpg

2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпиондарыИлья Ильин, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза мен Светлана Подобедова спорттық сайыстардан допинг дауына байланысты шеттетілді. Төрт спортшының да қайтадан тапсырған допинг сынамаларынан тыйым салынған құрам анықталып отыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Қазақстанның ауыр атлеттерінің Рио Олимпиадасына қатысу, қатыспау мәселесін тәртіптік кеңес шешежі. Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіптік кеңесі жақын күндері өтеді. Төрт ауыратлеттің тағдыры сол кеңесте шешіледі.

Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік кодексіне сай, әр спортшы өз ағзасына түскен заттар үшін жеке жауап береді. Сонымен бірге, спортшы өзіне қатысты кез-келген шешімге апелляциялық шағым түсіруге құқылы.

«Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетімен, Мәдениет және спорт министрлігімен бірге спортшыларға осы процестің барлық сатылары мен деңгейлерінде өздерінің заңды құқықтарын қорғауы үшін қажетті құқықтық көмек көрсетеді», - делінген федерация таратқан хабарламада.

Связанные Статьи