Кеше Алматының Орталық стадионында жергілікті «Қайрат» пен шымкенттік «Ордабасы» командаларының кездесуі өткен еді. 2:2 есебімен тең аяқталған кездесуде полиция қызметкерлері де алаңға шығып «ойын» көрсеткен, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Полиция мен футболшылар арасында болған кикілжіңнің видеосы ғаламторда жарияланды. «Қайрат» ойыншысы Исламбек Қуат трибуна жақтан алаңға жүгіріп келгенде оны полция тосып алып, өткізбей қояды. Команданың қақпашысы Владимир Плотников келіп араша түскенімен, қырағы сақшылар қақпашының сөзін елең қылмаған. Тек бірнеше ойыншы мен алматылық клуб қызметкерлері үймелеп кеткен соң ғана, полиция ойыншыны еркіне қоя берген.