«31 арна» 21 маусымнан бастап дүйсенбі мен жұма күндері аралығында 16.00-де қазақстандық «Сырғалым» телехикаясын ұсынады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Сырғалым» – ауылдан қалаға келген қарапайым қыз туралы хикая. Күтпеген қонақ қалада тұратын отбасының қалыпты дағдылары мен ой жүйесіне толықтай өзгеріс әкеледі.
Басты кейіпкер Жантөре Атабаевтың отбасы – қазіргі заманғы қазақ отбасының жарқын үлгісі. Оның ұлдары мен келіндеріне, немерелеріне қарасаңыз, заманға лайықты қазақстандық жастарды көресіз, сондай-ақ өзіне тән қиындығы мен міндеттері, тілек-қалаулары бар орта буын мен ата-баба даналығы мен ұлттық дәстүр-салтты ұстанған үлкен буын тағы бар. Алайда, жанұяда әке мен балалар арасындағы келіспеушілік туындайды. Сол кезде олардың үйіне Сырғалым есімді құтқарушы келеді (Сырғалымның рөлін Жұлдыз Маханова сомдайды). Оның өмірі айтарлықтай оңай емес, хикаяның жағымсыз кейіпкерлері оны аяқтан шалуға тырысады, маңындағы әйелдердің ойлайтыны қастық, тіпті отбасындағы үш ұлдың біреуі оны үйден қуып шыққысы келеді. Әулеттегі құпиялар, туыстар арасындағы кикілжіңдер Сырғалымды айналып өтпейді. Сол үшін көрермендер кейіпкерген қазақтың Күлбикеші деген ат беріп үлгерген.
Бұл телехикаяда қазақ тілінің көркемдігі мен тазалығына ерекше мән берілген (фильм орыс тіліндегі субтитрларымен). «Оның себебі, - дейді хикаяның авторы және продюсерлерінің бірі Рашид Сүлейменов, - фильм жасаушылар ең алдымен қазақ тілін насихаттауды мақсат тұтқан. Телехикая сюжетіне қала мен ауылдың бірігуі, этностың бір жерге шоғырлануы сияқты өзекті мәселелер негі болған.
Картинаны жасаушы – осыған дейін бірнеше табысты жобалармен танылған «Көркем фильм» кинокомпаниясы. Хикая авторларының айтуынша, оны түсіруге көлемі 1000 шаршы метр болатын тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең қымбат декорациялар дайындалған екен. 2014 жылдың қорытындысы бойынша, телехикая біздің елдің ең үздік фильмі, ал көрермендер Жұлдыз Маханованы ең үздік актриса деп атады.
Алғашқы маусымы прокатта үлкен табысқа ие болғаннан кейін, авторлары картинаның екінші маусымын түсірді. Онда басты кейіпкер өз отбасын құрады, мансабын жолға қояды, сонымен бірге күйеуімен қарым-қатынасын сақтап қалуға тырысады. Әрине, шаңырақты шайқалтпай ұстау үшін түсіністік, төзім және сүйіспеншілік қажет.
Айта кетерлігі, Сырғалым рөлін сомдайтын актриса жұлдыз тұрмыс құрмаған. Шетел тілдер университетінің халықаралық қатынастар мамандығын тәмамдаған бойжеткен шығармашылық отбасында өскен, әкесі – телевизия режиссері, ағасы – М.Әуезов атындағы драма театрының актері. Бойжеткен осыған дейін бір-екі киножобаға, соның ішінде «Жаужүрек Мыңбала» фильмінің эпизодтық рөліне түсіп үлгерген. Кішкене күнінен ұл балалармен футбол ойнап, доп қуып өскен қызға ауылдан келген ибалы қыздың рөлін сомдау алғашында оңайға соқпайды. Алайда актриса мен кейіпкерінің ұқсас қасиеттері бар. Ол – ерік-жігер, өнегелі тәрбие және үлкен еңбекқорлық.
21 маусымнан бастап дүйсенбі – жұма күндері 16.00-де 31 арнадан тамашалаңыздар.
Отыз бірінші арна – таңғалдыратын, шабыт пен мейірім сыйлайтын, қызықты, қауіпсіз, бүкіл отбасына арналған ұлттық ойын-сауық арнасы. Арнаның ұраны – «Отбасымен бірге көрейік!».