Жер комиссиясының отырысында Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров осылай деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Алматы облысы әкімі Амандық Баталловтың Қытай халық республикасына сапары барысында баламалы энергия көздерін дамыту, сауда-саттық, «Жібек жолы белдеуін» дамыту сынды бірқатар мәселелер бойынша келісімдер жасалды. Облыс пен Қытай елі арасында жерге қатысты ешқандай келісімге қол қойылған жоқ», - деді С. Бескемпіров.
Сондай-ақ, облыс басшысының орынбасары облыс аумағындағы ауылшаруашылығы жерлерінің жағдайына тоқталды.
«Алматы облысында ауылшаруашылық жерлерінің 93,7 пайызы пайызы жалға алу құқығымен пайдаланылуда. Меншік құқығымен пайдаланылатын жер көлемі 547,6 мың гектар», - дейді ол.
Облыстағы жалпы ауылшаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 8 млн 632 мың гектарды құрайды. Ол жерлерде 61 мың шаруашылық субъектілері жұмыс істеуде.