Жер комиссиясының Алматы облысында өтіп жатқан отырысында «Жер Ана» шаруа қожалығының басшысы Абай Әбділдинов осылай деді. Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды.
Сөз алған шаруаның айтуынша, жерге жеке меншіктен қорықпау керек. Ал, оған қарсы шығып жүргендер оппозициялық күштер көрінеді.
«Жер де меншікте болу керек. Кезінде жұрт қаладан небір жерлерді жекеге алды. Зауыт, фабрикаларды жекешелендірді. Орнына мейрамхана, дәмхана, дүкен салды. Ал, ашуаралар 40 жылдан астам өзі жұмыс істеп отырған жерін неге жекешелендіре алмайды? Мұны көтеріп жүргендер негізінен оппозиция өкілдері», - дейді А. Әбділдинов.