Жер комиссиясының Алматы облысында өтіп жатқан отырысында «Кеген Агро» шаруа қожалығының басшысы Асқар Сүлейменов осылай деді. Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды.
«Жерімізді алуға, елімізді дамытуға құлшынып отырған шетелдік жоқ. Мен өзім шетелге көп шығамын, көріп жүрмін. Бірақ, бізге шетелдің технологиясы, техникасы қажет. Мен шетелдіктермен бірлесіп жұмыс істеп жатырмын. 1300 гектар жеріме шетелдік компания жүгері екті. 6-7 жаңа техникасын әкелді. Мен оларға нақты талап қойдым. Олар тек таза пайдадан ғана 49 пайызын ала алады. Міне, осындай талаппен бірлесіп жұмыс істеу үшін шетелдіктерді шақыру керек. Тек, 15 жылға жерді аренда құқығымен пайдалансын. Ал, Қазақстан азаматтарына аренда құқығы да, меншік құқығы да сақталуы тиіс», - дейді ол.