Жер комиссиясының өткен аптадағы отырысы Бақытжан Сағынтаевтың ауырып қалуына байланысты өтпей қалған

/uploads/thumbnail/20170709025721361_small.jpg

Бұл туралы бүгін Алматы облысында өтіп жатқан Жер комиссиясының отырырысында белгілі болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Комиссияның құқықтық жұмыс тобының жетекшісі Мұхтар Тайжан комиссия жұмысының процедуралық қырларына тоқталды. Атап айтқанда, комиссияның өткен аптадағы отырысының өтпей қалуын сөз етті.

Комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев Мұхтар Тайжанға өткен аптада тамағы ауырып, Жер комиссиясының отырысын өткізе алмағанын айтты.

«Өткенде ангина дейді ғой, тамағым ауырып сөйлей алмай қалдым. Сол себепті отырыс болмай қалды», - деді Б. Сағынтаев.

Сондай-ақ, Б. Сағынтаев Жер комиссиясының келесі отырысын вице-премьер-ауылшаруашылық министрі Асқар Мырзахметов жүргізетінін жеткізді.

Связанные Статьи