Жер комиссиясының отырысында сөйлеген адамдар облыс әкімі орынбасарының нұсқауымен сөйледі ме?

/uploads/thumbnail/20170709025728689_small.jpg

Ер комиссиясының отырысында комиссияның құқықтық жұмыс тобының жетекшісі Мұхтар Тайжан жиында жер сату мен жалға беруді қолдап сөйлеген кейбір азаматтардың қылығына күдікпен қарайтынын айтты. Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды.

«Маған түнде бір шаруа телефон соқты. Ол облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіровтің ірі шаруалармен жиналыс өткізіп жатқанын айтты. Бүгінгі жиынға қарасам осы жерде сөйлеген 20 адам бір ауыздан жерді шетелге жалға берейік, Қазақстан азаматтарына сатайық деп отыр. Мен олар кешегі облыс әкімінің орынбасары өткізген жиынның нәтижесі деп кепілдік ббере алмаймын. Бірақ, келесі отырысты комиссияның жұмыс топтары бір-екі күн ертерек келіп ұйымдастырсақ», - деді Мұхтар Тайжан.

Связанные Статьи