Нәбидолла Құдайберген ұлы 1984 жылы 21 наурызда ҚХР Тарбағатай аймағының Сауан ауданы Нұрпай ауылы Тәкімән текшесінде мұғалім отбасында дүнйеге келген.
(2004-2005) жылдары Қытайдағы шағын газет-журналдарда тырнақ алды туындылары жаряланды.
Тарихи отаны Қазақстан Республикасына 2006 жылы оралып, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Еңбекшіарал ауылында тұрады.
2012 жылдан бастап «Шалқар» газеті, «Алтын бесік» журналында өлеңдері жарыққа шықты. 2013 жылы «Дәстүр» баспасында «Дала дарыны – Жетісу жауқазындары» деген атпен жас ақындардың өлеңдер жинағына бір топ өлеңдері жарық көрді.
Домбыра болып шертілу керек секілді
Қағылып ішек, тербеліп толқын жәй ғана,
Көңілсіз әуен төгіліп әр күн жатады.
Қырандай анау қйалмен қалқып самғаған ,
Бұлттарға мініп ауыр бір ойға батады.
Түйіліп келіп қуарып тұрған тірлікке,
Ақ жауын болып себелеп жауып тұрады.
Өмірге мынау қоямын дейме бір нүкте,
Кұмбірлі күйдің таусылмай келет сұрағы.
Естіліп кейде қазақтың сонау тағдыры,
Шертіліп жатат кешегі өмір өткелі.
Бүлқынып тұрған ашылып шындық сандығы,
Әсем үн келіп бір жылы леппен өп мені.
Халықтың ойы қамалып тұрған заманда,
Қос ішек қана шындықты ашып айтады.
Әкімнің сырын аңғармай жүрсе адамдар,
Ақынның мұңын домбыра ғана байқады.
Абақтыдағы ақиқат атты тұтқынды,
Тыңдайтын құлақ, көретін көздер жоқ бүгін.
Ах ұрып үнсіз кеудеде тұрған ұшқынды,
Қуаныш емес кес-кестеп алдын тосты мұң.
Билікте кейбір отырған анау мүсіндер,
Қазақтар үшін тас болып қалған жүрегі.
Домбырадағы қайғы мен зарды түсінбей,
Жылайтын жерде рахаттана күледі.
Еліңнің мұңын итеріп қойып кейінге,
Жылтамын десең көр соқырларға бетіңді.
Шырылдап мынау шындықты айтпай өмірде,
Домбыра болып шертілу керек секілді.
Қазағыма
Намысын қашан да ту қылып тіктеген,
Қайсарлық қанымда қалыпты сүтпенен.
Домбыра шанағы саусақпен тербелсе,
Дауысы теңелген бүлтпенен
Басқадан бөлекше діні бар, тілі бар,
Самұрық көтерген биікке күні бар.
Төскейі, беткейі кеңдігі соншалық,
Қойнында жүз жиырма ұлт жылынар.
Тақымда әрдайым тыпыршып асауы,
Қамалын берік қып ұстаған жасағы.
Міне бұл күллі Әлем тамсана қарайтын,
Қазақтың отаны.
Санамда сан шаттық жарқырап ертеңім,
Ерке өмір еріксіз өзіне елтеді.
Таулардың табиғи тұлғасы толғана,
Тарих тағлымынан аздап сыр шертеді.
Сәбидің жылаған, ботаның дауысы боздаған,
Қасірет сыйлайды-ау ол маған.
Қаншама боздақтар қып-қызыл қан кешіп,
Қаншама аналар сорлаған.
Қаншама адамзат қалды екен күйзеліп,
Жауының жауыздық найзасы түйреліп.
Қаншама қарагөз қан жұтып кетті екен
Тақымда сүйреліп.
Әр қазақ баласын ақ сүтпен баптаған,
Қан кешіп жүрсе де, ешқашан қайтпаған,
Жүрегін жұлғалы тұрса да жауы кеп
Қазақтық намысын сақтаған.
Сондықтан әрдайым кең оның өрісі,
Әр ісін істейтін тек қана елі үшін.
Бүгінгі бақыт күн кешегі күрестің,
Күрестің жемісі.
Ендеше жаныңды жеріңнен суытпа,
Пенделік құлқыңды бес минут құрықта.
Табанда тапталған топырақ бетінде,
Бабамның қаны бар ұмытпа.
Сұрдек
Бабалар басқан қайғылы көштің сұрдегі,
Көңілде тұрған көп қялдармен жалғасып.
Кұздегі мынау қайтқан құстардың тізбегі ,
Аспан мен жерде жатқандай бір кұш арбасып.
Жердегі көшке жауыздар тырнақ батырып,
Амалсыз ғана күрсініп кетіп барады.
Көктегі көшті қаһарлы қыстың тасы ұрып,
Өмір сүрудің алға сүйрейді азабы.
Көктегі жерге, жердегі көкке куә боп,
Тарих атты дәптерде қалды жазылып.
Осылар жайлы жүректе жанып тұрады от,
Өмірдің мына қатал заңына бағынып.
Аққулар көші жалғасып тірлік қамымен,
Қазақтың көші қалғандай бір сәт іркіліп.
Еліме қонған азаттық атты таңымен,
Алмасып жатыр даламда жаңа тіршілік.
Ал енді аққу арыда-бері көше бер,
Даламды басып, қаламды басып өт меилі,
Қазаққа мынау куә боп қалсын көшелер,
Келеді көшіп, бірақ та көшіп кетпейді.
Ашаршылық туралы ой
Атса да ақ таң қайтейін мені қызықтырмайды,
Қатыгез тағдыр санамда тұрған тұнықты ұрлайды .
Кеудемде үнсіз кешегі күннен тұнып тұр қайғы,
Намыс тұлпарым тыпырлап ылғи тыныш тұрмайды.
Кең даламдағы шашылып жатқан тастардан қалған ,
Бабалар жайлы жүректе тулап жатталған арман .
Адасып қалдым қайтейін жалғыз басты армандардан ,
Қиялмен ғана теріп жүремін бақтардан маржан .
Түсімде ылғй көремін әйтеу жылағандарды ,
Ашаршылықтан қу сүлдері қалып құлағандарды .
Бір түйір дәнге зар болып әттең сұлағандарды ,
Сол замандағы айықпай тұрған тұман алдады .
Қазаққа келген қасіретпенен бұралаңдарды ,
Қалай сүсінем сытымнан қарап сынағандарды .
Жауыздықпенен жаттың қолымен көселген отты,
Сезіп тұрсада қанды қолдарды сетерлеп өтті .
Төрт миллионнан астам қазақтың қайран ардагерлері ай ,
Ойладыма екен үш жыл ішінде кешем деп отты .
Құрғамай көз жас қаншама қазақ шетелге кетті ,
Орысты көрсем кеудемде әсем өліп бір әнім ,
Даламда қалған боздақтар қанын сезіп тұрамын .
Бабамның мұңын жанарларыңнан жолықтырамын ,
Жүрегім менің өшпенділікпенен соғып тұрады .
Баламның әнін шырқатып асқақ көріп тұр әлі ,
Бабамның қанын түбінде айтеу толықтырамын .