ПАРЛАМЕНТ КАНИКУЛҒА КЕТТІ

/uploads/thumbnail/20170709032743631_small.jpg

Қазақстан Парламентінің депутаттары 29 мамырдан бастап каникулға кетті. «Халық қалаулылары» жұмысын 1 қыркүйекте қайта бастайды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Алтыншы сайланған Парламенттің бірінші сессиясы үш ай ғана жұмыс істесе де, елімізде маңызды шешімді қабылдауды қажет ететін көптеген елеулі оқиғалар орын алды. Бұл туралы бүгін палаталардың бірлескен отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулин мәлім етті.

«Қасиетті Отанымыз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алғанына биыл 25 жыл толады. Бұл жылдардың әрбір күні, әрбір айы, әрбір жылы біз үшін өте маңызды, өте бағалы. Осы уақыттың ішінде өзіміздің қазақстандық даму жолын қалыптастырып, бүкіл әлем таныған абыройлы, беделді және өте ықпалды мемлекетке айналдық. Бұл, ең алдымен, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің, сонымен бірге әрқашан Президентімізге тірек болып, қолау білдірген халқымыздың береке-бірлігінің жемісі», - деп тоқталды Н. Нығматулин.

Сонымен қатар ол осы үлкен жолда тәуелсіз тарихымен бірге келе жатқан Парламент те еліміз дамуына қосып жатқан үлесі өте зор екенін атап өтті. «Құрметті депутаттар! Баршаңыз жақсы білесіздер, алтыншы сайланған Парламенттің бірінші сессиясы үш ай ғана жұмыс істеді. Бірақ та аз ғана уақыт болса да, елімізде маңызды шешімді қабылдауды қажет ететін көптеген елеулі оқиғалар орын алды»,-деді Мәжіліс Спикері.

Атап айтқанда, сессия ішінде Парламент Палаталарының үш бірлескен отырысы, Мәжілістің 12 жалпы отырысы, 3 «Үкімет сағаты», тұрақты комитеттердің 109 отырысы, заң жобалары бойынша жұмыс топтарының 160 отырысы,  7 «дөңгелек үстел», комиттердің 3 көшпелі отырысы өткізілді

Связанные Статьи