Қарағандыдағы күйдіргі шыққан ауылда елу жылдан бері өлекселер көміліп келген қоршаусыз мал қорымы табылды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709033117493_small.jpg

Қарағандыда сібір жарасына байланысты карантинге жабылған Еркіндік ауылында  елу жылдан бері өлекселер көміліп келген қоршаусыз  мал қорымы табылды. Арнайы мамандар қазір жұқпалы індет таралуы мүмкін делінген  қауіпті жердің жалпы аумағын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап..

Мал өлекселері көмілген жер  сібір жарасының тарауына  себеп болуы мүмкін деген болжамды мамандардың өздері айтып отыр.  Өйткені, жергілікті үш мыңнан астам ірі қара дәл сол жерде емін-еркін жайылып келген. Ауылдан  он шақырым жерде 1966-1970 жылдары сібір жарасынан өлген малдар жерленген екен. Қазір қажетті сынамалар алынып, зертханаға жіберіліпті. Ал 21 маусымнан бері карантинге жабылған Еркіндік ауылында 3600 бас малға сібір жарасына қарсы екпелер жасалып, 24 мың шаршы метр жер,  түгелдей залалсыздандырылды.

МАРАТ МҰХТАРОВ, Ветеринарлық бақылау комитеті  Қарағанды облысы бойынша инспекциясының жетекшісі:

- Бірінші бағытымыз сібір жарасы дейді, көмілген жерден жұққан шығар. Бұл аурудың өзіне тән қасиеті бұл топырақта болады үнемі. Сібір жарасын анықтау ол бір. Бүгінгі күні сынама алдық.

Связанные Статьи