Ақтауда болған әйелдер төбелесі әлеуметтік желілерге тарап кетті (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709033120915_small.jpg

Ақтауда бір топ әйелдің жаға-жыртыс төбелесі әлеуметтік желі қолданушыларының жағасын ұстатты.  Ойыншыққа таласқан балалардан кем түспеген әйелдердің бұл әрекеті ғаламторға  тарап, бейнежазба бір тәуліктің ішінде 20 мың рет қаралған. Алайда, бір-бірін аяусыз соққыға жыққандарды  тәртіп сақшылары әлі тапқан жоқ, деп хабарлайды Qamshy.kz 31 арнаға сілтеме жасап.

Әйелдердің көпшілік көзінше жаппай төбелесіп, бірін-бірі аяусыз ұрғаны бейнежазбаға жазылған. Жазғандардың өздері жаппай тәртіпсіздікке куә болған ер азаматтар. Сорақысы, әйелдер бірін-бірі сүйреп, тепкілеп жатқанын еш қымсынбастан ұялы телефондарына түсіріп, арасында тәртіп сақшыларын шақырту керектігіне кеңес те берген дауыстары түсіпі қалған.

Төбелесті сол жерде балмұздақ сатып тұрған Даяна есімді қыз өз көзімен көріпті. 

- Мен қатты қорқып кеттім. Әйелдер бір-бірін өлтіріп ала ма деп ойладым. Бес әйел бірге келе жатты. Олар ішімдік ішіп алғанға ұқсайды. Бір мезетте керісе кетті. Төбелес 20 минутқа созылды.  Кейін ішіндегі бір әйел көлікке отыра бергенде қалғандары артынан қуып бұл жерден барлығы кетіп қалды, - дейді Даяна Якибаева.

Біреуге күлкі, біреуге таба болған қазақ әйелдерінің жас шамасы 30-бен 40 аралығында. Полицейлер әзірге ешкімді таппаған.

- 02-ге ешқандай қоңырау түскен жоқ. Және бұл әйелдер бір-біріне арызданбады. Ішкі істер қызметкерлері соған қарамастан қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін іздестіріп жатыр, - дейді МО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы Жазира Әбіл.

Қоғамдық наразылық туғызған әйелдердің төбелесі кафелердің бейнебақылау камераларына түсіп қалуы мүмкін. Сондықтан тәртіп сақшылары олардың нақты кім екендерін дұрыс анықтау үшін сол бейнежазбаларды түгел тексеріп, бүгін анықтауға кірісті. Егер анықталса, бұл әйелдер екі бірдей бап бойынша жазаға тартылады.

Связанные Статьи