Атырау аграрлы-техникалық колледжінің бұрынғы басшылары ақылы негізде оқуы тиіс студенттерді грантқа ауыстырған көрінеді. Мәселен, аймақ үшін тапшы саналатын ветеринар мамандығына бөлінген грантта теміржолшылар, тоңазытқыш жөндеушілердің орнына құрылысшылар білім алулары мүмкін. Яғни, мемлекет есебінен бөлінген қаржыға ақылы негізде оқуы тиіс студенттерді оқытып, оларға стипендия тағайындап келулері мүмкін, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31 арнаға сілтеме жасап.
Балалары бұған дейін грантта білім алып келген ата-аналарға жаңалықты колледждің жаңа басшысы айтқан. Нақтысы, тәлімгерлердің мемлекет есебінен заңсыз оқып жатқандарын жеткізген. Енді балаларының тегін білім алмайтындарын және бір жылғы оқу ақысын төлеп, алған шәкіртақыларының да мемлекетке қайтарылу қажет екендігін ескертіпті.
Әлия Иманғалиева, Ата-ана:
- Менің баламның негізгі сабағы - бюджет, еще стипендия алып отыр, февральдан бері стипендиясы жоқ, еще мына оқығанды ақшасын төлеңдер деп отыр.
Майра Құспанғалиева, Ата-ана:
- Міне жылдың аяғына дейін жеттік, жылдың аяғына дейін біз бәрін шешеміз, бұл облыстық бюджеттен бөлініп тұрған грант, облыс әкімі шешеді бәрін, біздер соған жұмыстанамыз деді. Бұл кісілер де жұмыстанды, біздер де жұмыстандық, бірақ ешқандай да нәтиже жоқ.
Атырау аграрлы-техникалық колледжіне жуырда басшы болып келген Клара Мұқашкерееваның айтуынша, мұның бәрі бұрынғы басшылықтың кезінде жасалған көрінеді.
Клара Мұқашкереева, Атырау мемлекеттік аграрлы-техникалық колледжінің директоры:
- Жергілікті басқарушы органдарға хабарлама бердім, қазіргі күнде облыстық акимат тарапынан осы мәселені шешу жолдарын ойластырып жатыр, жоспарлап жатыр, ал отырған студенттерді сол отырған мамандығы бойынша бюджет етіп бекітіп беруге ешқандай заңдылық негіз қазіргі күні жоқ.
Оқу орнындағы бұл мәселемен қазір құзырлы орындар айналысып жатқан көрінеді. Онда да белгілі бір тұлғаларға қатысты емес, нақты деректер бойынша. Төрт айдан бері жүріп жатқан тексеріс қорытындысының қашан шығары әзірге белгісіз.