Шу тудыратын қаңқу сөз таратқандар ұзақ мерзімге сотталуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170708151753127_small.jpg

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке селкеу түсіретін қаңқу сөз таратқандар 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінде ҚР Қылмыстық кодексі жобасын талқылау барысында мәлім болды ҚР Бас прокурорының орынбасары  Иоган Меркельдің айтуынша, кодекс жобасында жұрт арасында жалған, қаңқу сөз таралып, оның салдары қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің бұзылуына соқтырған жағдайда 12 жылға бас бостандығынан айыратын бап қарастырылып отыр. Бұл ретте прокуратура өкілі аталмыш норманың тек банктік жүйенің жұмысы бойынша жалған ақпараттарға қатысты болып қоймайтынын да атап өтті. «Мәселен, былтырлары Таразда бөгет бұзылғаны туралы дақпырт таралып, тұрғындар түннің ортасында пәтерлерін тастай қашқан», - дейді И. Меркель.

Бұл ретте Бас прокурордың орынбасары ағымдағы жылдың ақпан айында жұрт арасында бірқатар банктердің банкроттығы туралы қаңқу сөздің таралғанын, соның салдарынан банктер айтарлықтай жапа шеккенін еске салды.

ҚазАқпарат

Оставить комментарий

Связанные Статьи