Тәжікстан азаматынан суық қару тәркіленді

/uploads/thumbnail/20170708151800201_small.jpg

2014 жылдың 31 наурызында Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері суық қару контрабандасының жолын кесті.

Алматы халықаралық әуежайында «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері «Душанбе - Алматы» әуерейсіне кедендік бақылау жүргізу барысында Тәжікстан Республикасының  азаматын құрықтады.

Ұсталған күдіктінің жүгіне тексеру амалдарын жүргізу барысында кеден органында декларацияланбаған көлемі әр түрлі - 3 дана суық қаруы тәркіленген.

Бүгінгі уақытта Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті тәркіленген дәйекте ҚР ҚК 251 бабының 4 тармағы бойынша қылмыстық істің белгілері бар болуына  сәйкес тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Алматы қаласы бойынша КБД

Баспасөз қызметі 

Оставить комментарий

Связанные Статьи