Ербол Азанбек: Қазақтілді журналистер саясат қуушыға айналып барады

/uploads/thumbnail/20170708151800555_small.jpg

    Қазақ тілді журналистер журналистен оппозиция өкіліне, саясат қуушыға айналып барады. Әлеуметтік желідегі жазғандарынан-ақ байқалады. Сын көп. Газеттердегі мақалаларында обьективтілік аз. Сүйсінетін сараптама жоқтың қасы. Журналистиканың заңдылықтарын көпшілігі айналып өтіп жүр. Белсенді емес. Баспасөз мәслихатына журналистикаға жаңа келген студенттер болмаса, басқалары бара қоймайды. Мамандығынан ләззат алып жүргендер аз, жалақы үшін ғана жүргендер көп. Бірақ бұл үшін қазақ журналистерін кінәлаудың қажеті жоқ. Кінә қазақ БАҚ-ының қолбала деңгейіне түскеніне немесе түсірілгенінде ма деп ойлаймын. Көпшілігі мемтапсырыспен күн көреді. Амал жоқ мақтау, асыра мақтау жазады. Одан ел де, журналистер де жалықты. Бизнес көзіне айналдырайын десе, бизнестің бишігін ұстағандар орыс тілді. Олар қазақ тілді БАҚ-тың аудиториясы біздің жарнаманы ақтамайды деп санайды. Көбі тілді білмейді. Сосын оқымайды. Санаспайды. Салдарынан Қазақстандағы ақпараттық кеңістікте қазақ тілді БАҚ-тың да, журналистердің де үні бәсеңсіп барады. Орыс тілді БАҚ-ы қай жағынан алып қарасаң да үстемдік құрып отыр. Билік қазақ тілді БАҚ-пен жұмыс бойынша жаңа шешімдер қабылдауы керек. Қаражат үнемдеу керек, өзін ақтамайтын БАҚ жабылсын деген көзқарастан қазақ тілді журналистер үш тілді болып, өзін-өзі асырай алатын кезге дейін арылу керек. «Болашақпен» қазақ журналистерін шетелге 3 ай, 6 ай, 1 жылға дейін тәжірибе алмасуға жіберу керек. Білімін көтеру керек. Тілді үйренуіне жағдай жасау керек. Соншама журналистің оппозициялық, наразылық көзқараста болуы мемлекет үшін қауіп. Ертең жазу қабілеті бар топ тобырға айналса қиын. Жоғары жақта жүргендер үшін ол көрінбейтін шығар. Мен төменнен жоғары қарасам осыны көремін. Әрі жұмысым БАҚ-пен байланыс болғандықтан, көп нәрсені көруге тура келеді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи