Олимпиада чеспионы Б.Саттарханов туралы фильм түсірілуде

/uploads/thumbnail/20170708151800967_small.jpg

2014 жылы жазға салым бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы  Бекзат Саттарханов жайлы  «Бекзат» фильмі  экранға шығады, деп жазады Vesti.kz.

«Біз тынбай, бір жыл бойы сценариймен  жұмыс істедік. Эпизодтық рөлдерге екінші құрамдағы актерлерге қосымша кастинг өткіздік. Ал қаңтарда съемканы бастадық», -дейді фильмнің режиссері Ермек Шахмет.

Жобаға 60 актер тартылған.  Басты рөлге жас актер Асылхан Төлепов шақырылған. Оған Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ыбрайымов  көмектескен.

Еске сала кетсек, қазақстандық боксшы 20 жасында  2000 жылғы Сидней Олимпиадасында жасындай жарқ етіп, чемпион атанған болатын. Сол жылы, 31 желтоқсанда  аса дарынды спортшы жол апатынан қаза тапты.

inform.kz

Оставить комментарий

Связанные Статьи